Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Мұстафа Матаев" атындағы №170 орта мектебі" КММ
"Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Мұстафа Матаев" атындағы №170 орта мектебі" КММ
"Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Мектеп тарихы

 М. Матаев атындағы 170 орта мектебінің іргетасы 1970 жылы қаланды. 1991 жылы оқу-өндірістік комбинаты жабылып орнына №170 орта мектеп болып ашылды. Мектеп директоры болып С.Қуанышбай 2004 жылға дейін қызмет атқарды.

2013 жылдың желтоқсан айында мектеп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасына сәйкес жаңа ғимаратқа көшірілді. Мектеп ғимараты 600 орынды, 2 қабатты, 4 блоктан тұрады.   Жалпы ауданы - 35000 м2.

Қазіргі таңда  М. Матаев атындағы №170 орта мектеп директоры - ИМАШЕВ НУРЛАН РАЙПОВИЧ педагог-зерттеуші орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 2004 жылдан бастап атаулы мектепте мектеп басшысы лауазымы қызметін атқарады.

Мадақтамалар:

  • Қазалы аудандық «Қазақ тілі» қоғамының «Абай аманаты»төсбелгісі (2012ж)
  • Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеттің «Үздік түлек»  төсбелгісі (2012ж)
  • Облыстық «Үздік мұғалімі - 2012» байқауында облыс әкімінің 200 мың теңгелік сыйақысы (2012ж)
  • ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтан сыйлыққа қол сағат тағылды;
  • ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы (2002 жыл);
  • Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Құрмет грамотасы (2008 жыл);
  • ҚР Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Биология және биотехнология» факультетінің Алғыс хаты (30.12.2011 жыл);
  • Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы (1996, 2008 жыл);
  • Облыстық «Наурыз шапағаты - 1998» өнер фестивалінің дипломы;
  • «Ең үздік аудармашы - 2008» конкурсында ІІІ дәрежелі дипломанты Қызылорда облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының дипломы (2008 жыл);

Тарихы 33 жылдан бастау алатын білім ордасы 2022 жылдан бері философия ғылымдарының профессоры М. Матаевтың атымен аталып келеді. Білім ордасында 103 мұғалім жұмыс жасайды, жоғары білімді -101мұғалім, арнаулы орта-2 мұғалім.Қазіргі таңда мектебімізде Педагог- зерттеуші-26, педагог-сарапшы-38, педагог- модератор- 19, санатсыз-20.

Мектебімізде қазіргі заман талабына сай жабдықталған биология, физика, химия, информатика кабинеттері бар 600 орындық зәулім мектеп қабырғасында бүгінде 699 оқушы білім алады. Тәрбиелік және сабақтан тыс шаралар жыл бойы мектептің мәжіліс залында өткізіледі. Мектептің сапалы білім алуға барлық мүмкіндіктер жасалған.  31 оқу кабинеттері бар, олардың барлығы эстетикалық және санитарлық-гигиеналық сұранысқа ие.

Тамыры кеңге жайылған білім ордасынан он түлек түлеп ұшып, «Алтын белгі» иегері атанды.

  1. 2016-2017 ж.ж. Имаш Нұргүл Нұрланқызы
  2. 2016-2017 ж.ж.Іскендірова Айдана Маратқызы
  3. 2018-2019 ж.ж. Садай Ақгүл Айболатқызы
  4. 2018-2019 ж.ж. Оразғали Айгерім Бірлікбайқызы
  5. 2019-2020 ж.ж. Әзілхан Гүлзат Жалғасқызы
  6. 2020-2021 ж.ж. Өмірзақ НазеркеСәндібекқызы
  7. 2021-2022  ж.ж. Әзен Аяулым Жеңісбекқызы
  8. 2021-2022  ж.ж. БимырзаГүлсезімЖолбарысқызы
  9. 2022-2023  ж.ж. Маралов Еркебұлан Жасұланұлы
  10. 2022-2023  ж.ж. Әзен Гаухар Жеңісбекқызы

Шәкірттеріміз де қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық конкурстарда жеңімпаз және жүлдегерлер атанып, талай зияткерлік, шығармашылық және спорттық сайыстарда биіктен көрініп, мектебіміздің мақтанышына айналуда.

Атап айтсақ:

Республикалық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары:

  1. 2016-2017 ж.ж.Жетпісбай Дінмұхаммед Ақылжанұлы география пәні бойынша республикалық пән олимпиадасының 3-орын иелері.
  2. 2020-2021ж.ж.Әзен Аяулым Жеңісбекқызы республикалық Абай оқулары байқауының 2- орын иегері.
  3. 2020-2021 ж.ж. Жеңісбек Гүлназ Жеңісбекқызы математика пәнінен 5-6 сыныбына арналған Республикалық пән олимпиадасының 3- орын иегері.
  4. 2020-2021ж.ж.Дарханұлы Ерасыл Республикалық «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасының жеңімпазы. Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы.
  5. 2021-2022ж.ж.Әзен Гауһар Жеңісбекқызы «Яссауитану» Республикалық білім байқауында 3-орын алып, ақшалай сыйлық иеленді.
  6. 2021-2022 ж.ж. БимырзаГүлсезімЖолбарысқызы «Елбасы медалі» жобасының қола медаль иегері.
  7. 2023-2024 ж.ж. Ғалымжанұлы Рамазан ауыл мектептері оқушыларына арналған география пәні бойынша Республикалық олимпиаданың 1-орын иегері.

Облыстық олимпиадалар мен байқаулардың жүлдегерлері:

  1. 2019-2020 ж.ж. Әзен Гаухар Жеңісбекқызы «Qazaq.epos» республикалық ағарту жобасы «Тұлпар мініп ту алған» байқауының 3- орын, 2021-2022 ж.ж. 1- орын иеленіп, арнайы ақшалай сыйлыққа ие болды.
  2. 2021-2022 ж.ж. Жеңісбекқызы Гүлназ Жеңісбекқызы «Qazaqepos» Республикалық ағарту жобасы «Тұлпар мініп ту алған» байқауында2- орын иеленіп, арнайы ақшалай сыйлыққа ие болды.
  3. 2021-2022 ж.ж. Қуанышбаев Бексұлтан Жасұланұлы орыс тілі пәнінен 5-6 сынып оқушыларына арналған облыстық пән олимпиадасының 3- орын иегері.
  4. 2021-2022 ж.ж.Таңатар Нұрасыл Мұратұлы Республикалық «Бастау» математикалық турнирінің облыстық кезеңінің 2-орын иегері.
  5. 2023-2024 ж.ж.Әблез Еркеназ Жаңаболатқызыфизика пәнінен 9-11 сынып оқушыларына арналған облыстық пән олимпиадасының 3- орын иегері.
  6. 2023-2024 ж.ж. Әбдібай Азамат Серікұлы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің 3- орын иегері.
  7. Бокстан КСРО спорт шебері Асылбек Макитовты еске алуға арналған облыстық ашық турнирде Раматулла Асылжан жүлделі ІІ орын иеленді.
  8. «Үздік әлеуметтік әріптес» номинациясымен 170 орта мектеп ұжымы облыстық білім басқарма басшысының марапатына ие болды.

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп ұстаздары арасындағы кәсіби байқауда төмендегі ұстаздар жүлделі орындарға ие болды:

  1. «Үздік мектеп үйлестірушісі – 2021» облыстық байқауының аудандық кезеңінде мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Күрлен ІІ орынды иеленіп,аудандық білім бөлімінің Мақтау қағазымен марапатталды.
  2. «Үздік ағылшын тілі пәнінің мұғалімі – 2021» атты  байқауда ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Көшімбетова ІІІ орын иеленді;
  3. «Үздік қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі – 2021» атты  байқауда  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А. Тлеукулова ІІІ орын иеленді;
  4. «Үздік математика пәнінің мұғалімі – 2022» атты  байқауда  математика пәнінің мұғалімі Ж. Әбдіхалықова І орын иеленді;
  5. «Үздік тарих пәнінің мұғалімі – 2022» атты  байқауда  тарих пәнінің мұғалімі Татранова Шынар  ІІІ орын иеленді;
  6. «Үздік орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – 2022» атты  байқауда  орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бисенова Айнұр  ІІ орын иеленді
  7. «Үздік педагог - психолог – 2022» атты  байқауда  мектептің педагог – психологі Жарылкапова Гулзира ІІ орын иеленді
  8. «Үздік педагог - психолог – 2022» атты  байқауда  мектептің педагог – психологі Жарылкапова Гулзира ІІ орын иеленді
  9. «Үздік ағылшын тілі пәнінің мұғалімі – 2022» атты  байқауда ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ІІІ орын иеленді.
  10. «Үздік биология пәнінің мұғалімі – 2022» атты байқауда биология пәнінің мұғалімі Алғыс хат орын иеленді

  11.«Үздік информатика пәнінің мұғалімі – 2022»  атты  байқауда информатика пәнінің мұғалімі Алғыс хат орын иеленді

  1. «Үздік қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бірлестік жетекшісі-2022» атты байқауда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Тлеукулова ІІІ орын иеленді;
  2. «Үздік музыка пәнінің мұғалімі – 2023» атты байқауда 

Музыка пәнінің мұғалімі Г. Кібіт ІІ орын иеленді;

   14.«Үздік қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі – 2023»  атты  байқауда 

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж. Көшекпаева ІІ орын иеленді;

  15.«Үздік биология пәнінің мұғалімі – 2023»атты  байқауда биология пәнінің мұғалімі Ктабалиева Көркем Алғыс хат иеленді;

  1. «Үздік көркем еңбек пәнінің мұғалімі – 2023» атты байқауда көркем еңбек пәнінің мұғалімі Қозыбағарова Гүлсім Алғыс хат иеленді;
Атауы Жүктеу
1 Өзін - өзі бағалау қорытынды анықтамасы - 2024 жыл